Қызметкер жүйеге кіре алуы үшін алдымен оның электрондық поштасын көрсету және шақыру жіберу қажет.
Қызметкерге шақыруды қалай жіберуге болады?

2. Қажет қызметкердің атына басыңыз. Оның картасы ашылады.

3. Оң жақ жоғарғы бұрыштағы жою батырмасының қасында тұрған «Өңдеу (Редактировать)» батырмасына басыңыз.

4. Қызметкердің қолжетімді электрондық поштасын көрсетіңіз. Шақыруды жіберу үшін қызметкердің қолы бар жұмыс немесе жеке мекенжайды пайдаланыңыз.

5. «Сақтау (Сохранить)» батырмасына басыңыз.

6. Қызметкерлер тізімінде электрондық пошта мекенжайының оң жағындағы көк батырмаға басыңыз.

Аталған поштаға UMAI CRM жүйесіне кіруге шақыру жіберіледі.
Шақыру жіберілгеннен кейін көк батырма қызғылт-сарыға өзгереді.
Хат бірден келмеуі мүмкін. Бірнеше минут күтіңіз және қызметкерден «Қоқыс (Спам)» қалтасын тексеруді сұраңыз.
Шақыруды үнемі қайта жібермеңіз. Егер хат уақыт өте келе келмесе, қайта жіберу үшін қызғылт-сары батырмаға басыңыз.
Маңызды ескерту:
- Қызметкердің қолында бар электрондық поштаны көрсетіңіз. Сол мекенжайға UMAI CRM жүйесіне кіру үшін шақыру келеді.
- Хат бірден келмеуі мүмкін. Егер ол «Кіріс (Входящие)» бөлімінде болмаса, «Қоқыс (Спам)» қалтасын тексеріңіз.
- Шақыру жіберілгеннен кейін көк батырма қызғылт-сарыға өзгереді. Оны бірден қайта басудың қажеті жоқ.
- Егер хат бірнеше минут өткеннен кейін де келмесе, қайта жіберу үшін қызғылт-сары батырманы пайдаланыңыз.
- Шақыруды алғаннан кейін қызметкер хаттағы сілтемеге өтіп, жүйеге кіруді аяқтауы қажет.